"Әжемнің ертегілеріне саяхат" Достық үйінде мектепалды топ балаларымен » №17 «Арнайы туберкулездік» балабақша
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының
Тараз қаласының білім бөлімінің
№17 бөбекжай-балабақша"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(72)56-14-87
Есепші бөлімі:
+7(72)56-15-25
Нашар көрушілер
нұсқасы
» "Әжемнің ертегілеріне саяхат" Достық үйінде мектепалды топ балаларымен

28
ақпан
2025

"Әжемнің ертегілеріне саяхат" Достық үйінде мектепалды топ балаларымен

Ертегі естіп өскен баланың ертеңі жарқын. Осылай деген әулиеаталық әжелер бүлдіршіндермен бірге ерекше шара өткізіп жатыр екен. 

Таразда «Алғыс айту күніндегі» алғашқы шара балабақшаға баратын балақайлардың қатысуымен басталды. Ассамблея үйіне жиналған бүлдіршіндер алдымен ата-аналарына алғыс айтып жатыр. Дәл қазіргі сәтте түрлі этностың өрендері тақпақ айтып, жұмбақ та жасырды. Ал жұмбақ жауабы алғыс пен рахмет сөзі. №17-бөбекжай балапандары ересектерден ертегі тыңдауға келді. Әулиеаталық әжелер балдырғандарға ел аузындағы ертегілерді айтып беруде. Менің қасымда әжелер тобын бастап келген Пайза Күненова тұр. Көктемнің алғашқы күнінде сізге алғыс айтқым келеді. Бүгін балаларға рухани базарлық ала келгендеріңіз үшін алғыс. Ал енді айтыңызшы жалпы әр үйдің ата-әжесі бүлдіршіндерге қандай ертегі айту керек?
Пайза Күненова, «ӘУЛИЕАТА» Қазақ мәдени орталығы аналар кеңесінің төрайымы:

«Ассамблея бөбектері» жобасы аясында «Әжемнің ертегісі» жобасының қойылымын өткіздік. Жалпы біз бүгін түркі халықтарына ортақ және басқа да кең тараған ертегілерді айттық. Өйткені ертегідегілер түрлі ұлт өкілдеріне ортақ кейіпкерлер. Балапандарымыз соларды білуі тиіс. Ертегілердің мазмұны бірлік пен ынтымақ, береке туралы. Ал сол бірлікке жету үшін балалар ертең зейінді, білімді, білгір болу керек. Соған біз қызықтыра білуіміз керек. Ертегіні тыңдай білетіндері үшін біз де балаларға алғыс айтамыз.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: